justice
about

Журнал туралы

Журналда:

  • - Қазақстан Республикасының әділет органдары қызметінің мәселелерімен;
  • - нормашығармашылыққа және құқық қолдану тәжірибесіне байланысты туындайтын мәселелерімен;
  • - әртүрлі Қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Қауымдастықтар, адвокаттық қоғамдастық және басқа да көптеген қызметін құқықтық реттеу және Журналды оқырмандар үшін тартымды және қол жетімді ету мәселелерімен танысуға болады.

Біз өте құнды және маңызды жұмыс атқарудамыз!
Журналымыздың оқырмандарына сұрақтарына жауап алуды, ақиқатты бағалауды, өз пікірлерін сақтауды тілейміз.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, СІЗДІҢ ОЙ ПІКІРІҢІЗ МАҢЫЗДЫ!

Журнал ерекшілігі

features
  • ҚР әділет органдарының барлық жүйелерін жетілдіру мәселелері жарияланады;
  • «Әділет кеңес береді» айдары тұрақты түрде жүргізіледі;
  • құқық қолдану практикасының мәселелері жөнінде жақын шет елдердің тәжірибесі жарияланады;
  • ҚР заңнамасына шолу, сондай-ақ оқырмандарға заңнаманың барлық бөлімдері бойынша орысша-қазақша заң терминдері көмекке ұсынылады.
subscript
application

Мақалалар (қолжазбалар) үшін қойылатын талаптар

Журналда жариялау үшін ұсынылатын қолжазбалар электрондық және/ немесе қағазға басылған пішімде және мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • екі (қазақ, орыс) тілде берілуі тиіс;
  • құқықтық тақырыпқа арналуы тиіс;
  • мақалалардың атауы олардың мазмұнын ашуы тиіс;
  • Рецензенттің осы қолжазбаға оң рецензиясы болуы тиіс;
  • ұсынылатын қолжазбаның ең аз көлемі аралықты қоса алғанда 10 000 баспа таңбасынан тұрады (А4 пішімінде басылған мәтіннің 4 беті), қарпі- Times New Roman, мөлшері-14;
  • ұсынылатын қолжазбаның ең көп көлемі аралықты қоса алғанда 15 000 баспа таңбасынан тұрады (А4 пішімінде басылған мәтіннің 6 беті), қарпі- Times New Roman, мөлшері-14;
  • беттері нөмірленген, жол жиектері кемінде 2 см, бір жарым жол аралығы А4 пішімде парақта басылған екі данадағы қағаз, сондай-ақ электрондық тасымалдағыштағы қолжазбалар қабылданады. Егер цитата алғашқы дереккөзден келтірілмесе, онда цитата дереккөзінің деректері нақтыланып көрсетіледі (Цит.:);
  • электрондық анықтамалық жүйелерден және Интернет желісінің ресурстарынан (осы жүйенің атауын және тиісті бөлімді көрсете отырып) алынған мәліметтерге де сілтеме жасалуы мүмкін;
  • кеңейтілімі 300 DPL фотографиялық суреттер пайдаланылған қолжазбалар (мақалалар) қабылданады (сәйкес болмаған жағдайда, Журнал редакциясының ұқсас фотографиялық суреттер мен бейнелерге ауыстыруға құқығы бар);
  • Рецензент қолжазбамен танысып, оған байланысты бағасын берген соң, осы мақаланың бейімге, тақырыпқа, жазылу стиліне және т.б. сәйкестігі немесе сәйкессіздігі еместігі туралы жазбаша қорытынды береді;
  • журналда жариялау үшін ұсынылған қолжазбаларды рецензиялау мерзімдері Рецензент қолжазбаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс;
  • журналда жариялау үшін ұсынылған қолжазбаны бағалау барысында мынадай критерияларды басшылыққа алады:
    1. журналда қолжазбаны өзгеріссіз жариялау мүмкіндігі туралы қорытынды;
    2. журналда қолжазбаны түзетулер енгізген соң жариялау мүмкіндігі туралы қорытынды;
    3. қолжазбаны жариялауда қабылдай алмау уәждемесі.

Журнал айдарлары

  • Ұлттық заңнама
  • Нормашығармашылық
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
  • Сот - сараптама қызметі
  • Атқарушылық іс - жүргізу
  • Әділет кеңес береді
  • Оқырмандар майданы
  • Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі
  • Қазақстан Республикасында бағалау қызметі
  • Әділеттің жұмыс күндері және тағы да басқа

Редакция

1

Жанна Васильевна
Лоцман

Бас редактор

Тел: +7 (7172) 57-25-11 e-mail: lozman777@mail.ru
2

Гүлден Мұратқалиқызы
Қасымова

Тел: +7 (7172) 57-35-72 e-mail: kasymova-gulden@mail.ru
3

Гүлвира Бауыржанқызы
Нұрмаханбетова

Тел: +7 (7172) 57-35-72 e-mail: m-a2020@mail.ru

Біздің авторларымыз

Сарсембаев М. А.

Доктор юридических наук, профессор

Борчашвили И. Ш.

Директор ГУ «Центр судебных экспертиз МЮ РК»

Тукиев А. С.

Директор ГУ «Институт законодательства Республики Казахстан»

Климкин С. И.

Академический профессор Каспийского общественного университета

Калинин А. Н.

Первый заместитель Председателя Президиума РПО, к.э.н., международный эксперт по оценке имущества

Абишев Б. Ш.

Заместитель председателя комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан

Айтмухаметов Д. А.

Ответственный секретарь Министерства юстиции
Республики Казахстан

Калимова В. К.

Директор Департамента регистрационной службы и организации юридических услуг МЮ РК

Тлембаева Ж. У.

Заместитель директора ГУ «Институт законодательства Республики Казахстан», к.ю.н.,доцент

Мукашев Р. Ж.

Председатель Республиканского общественного объединения «Казахстанский союз юристов»

Біздің оқырмандарымыз